Заң және тәртіп: өңірде құқықтық кеңес беру бойынша кең көлемді акция өтті

27.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға тегін заң көмегін көрсету, проблемалық мәселелерді жедел әрі білікті түрде шешуге ықпал ету, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау.

Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

Шараға келген ақтөбеліктердің қатары көп болды. Тұрғындар алимент, несие берешектері, алаяқтық, әсіресе интернет-алаяқтыққа қатысты түрлі сұрақтарымен жүгінді.

Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

– Заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Азаматтар өз сауалдарына толыққанды жауап алып жатыр, қажет болған жағдайда сотқа арыз құрастыруда жәрдем береміз. Оның жобасын дайындауға көмектесеміз, - деді облыстық прокуратураның аппарат басшысы Асхат Бекмұханов.

Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі

Азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жұмыс үш бағытта ұйымдастырылды: құқық қорғау блогында қылмыстық және әкімшілік заңнама бойынша кеңес берілсе, мемлекеттік органдар әлеуметтік, жер және тұрғын үй құқықтарын түсіндірді. Ал сараптамалық блок аясында заңгерлер, нотариустар мен сот орындаушылары кәсіби кеңестер ұсынды.

Фото: Ақтөбе қаласы әкімдігі
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью