Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингте 12-орында тұрған Нұрланұлы ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонмен (ITF Juniors рейтингі - 48) кездесті.
Кездесу қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды - 3:6, 7:6 (7:4), 6:4.
Осылайша, Заңғар Нұрланұлы Қазақстан теннисі тарихында жасөспірімдер арасындағы Australian Open турнирінің жекелей сындағы алғашқы жартылай финалисі атанды.