Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Елордада өткен сараптамалық басқосуда заңгерлер қауымы Қазақстанның жаңа Конституция жобасын жан-жақты қарастырып, құжаттың қоғам сұранысына сай келетін тұжырымдамалық бағытын қолдайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz
2026 жылғы 4 ақпанда Астана қаласында Қазақстан заңгерлер одағының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының сараптамалық талқылауы өтті. Іс-шараға заңгерлер қауымдастығының өкілдерімен қатар мемлекеттік органдар, судьялар корпусы, нотариат пен жеке сот орындаушылар, ғылыми орта, заң консультанттары палаталары, сондай-ақ Respublica саяси партиясының өкілдері қатысты. Сонымен бірге Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен бірқатар облыстардағы өңірлік филиалдардың басшылары мен мүшелері бас қосты.
Кездесуді Қазақстан заңгерлер одағының атқарушы директоры Арғын Искакбеков жүргізді. Негізгі баяндаманы Конституциялық комиссияның мүшесі, Қазақстан заңгерлер одағының және Республикалық заң консультанттары алқасының төрағасы Серік Ақылбай жасады.
Баяндамасында ол жаңа Конституция жобасы жекелеген түзетулердің жиынтығы емес, қоғамның заманауи сұраныстары мен мемлекеттің ұзақмерзімді даму бағдарын айқындайтын Негізгі заңның жаңартылған тұжырымдамасы екенін атап өтті. Жобада адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік саясаттың басты басымдығы ретінде бекітуге, оларды қорғаудың қосымша құқықтық кепілдіктерін қалыптастыруға ерекше мән берілген.
ҚХП аймақтарда жаңа Конституция жобасын талқылауды жандандырды
Серік Ақылбай алғаш рет азаматтардың цифрлық кеңістіктегі құқықтарын қорғау, соның ішінде дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері конституциялық деңгейде айқындалатынын айтты. Сондай-ақ білім беру, ғылым, мәдениет пен инновацияларды дамыту мемлекеттің негізгі бағыты әрі адами капиталды нығайтудың тірегі ретінде белгіленген.
Құжатта мемлекеттің және білім беру жүйесінің зайырлы сипатын сақтау, қоғамдық келісімді нығайту, әділеттілік, заңдылық пен құқықтық тәртіпті конституциялық құндылық ретінде бекіту де қағидатты ережелердің қатарынан орын алған.
Сараптамалық пікірлерді бейінді институттардың басшылары мен өкілдері ортаға салды. Олардың қатарында Республикалық нотариаттық палата, Қазақстан Республикасы Судьялар одағы, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы, саяси партиялар және өңірлік заңгерлер ұйымдарының жетекшілері бар.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Ұлттық кеңесінің пленумы Жаңа Конституция жобасын қолдады
Талқылау барысында билік тармақтарының өзара іс-қимылын күшейту, азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып құқықтық жүйені жаңғыртуға бағытталған институционалдық өзгерістер сөз болды.
Жиын қорытындысында кәсіби қауымдастық жаңа Конституция жобасының тұжырымдамалық тәсілдерін жалпы қолдайтынын білдіріп, оны одан әрі жетілдіруге арналған нақты ұсыныстарды уәкілетті органдарға жолдауға дайын екенін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде KEGOC-тың негізгі қосалқы станцияларының қуаты күшейтілді
Оқиға • Бүгін, 18:55
Қазақстан мен Франция стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін растады
Саясат • Бүгін, 18:30
Биыл елімізде қандай әлемдік жарыстар өтеді?
Спорт • Бүгін, 18:11
ҚХП аймақтарда жаңа Конституция жобасын талқылауды жандандырды
Ата заң • Бүгін, 18:11
Екі ел басшылары бірлескен декларацияға қол қойды
Президент • Бүгін, 17:55
Ата заң • Бүгін, 17:45
Аида Балаева арандатушылық әрекеттерге қатысты мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 17:37
Салық берешегі қай межеден асса, есепшот бұғатталады?
Экономика • Бүгін, 17:27
Араб елдерімен сауда байланысы нығая түсті
Экономика • Бүгін, 17:25
5G трафиктің айтарлықтай бөлігін иеленіп үлгерді
Қоғам • Бүгін, 17:17
Отандық электробустар Пәкістанға жол тартты
Қоғам • Бүгін, 17:08
Ауыл шаруашылығы саласында білікті маман неге жетіспейді?
Шаруашылық • Бүгін, 17:07
Жұлдыз Сүлейменова: Жаңа Конституцияда табиғатты қорғау қағидаттары айқындалды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:45
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 16:45
Дәріханалар неге әлеуметтік маңызы бар дәрілерді сатып алудан бас тартып отыр?
Қоғам • Бүгін, 16:37