Заңсыз активтерді қайтару тетіктері күшейеді

07.01.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Президенттің «Turkistan» газетіне берген сұх­батында айтылған тұжырымдар қоғам­­дағы көптеген алаңдаушылықты сейілт­­ті. Яғни заңсыз алынған актив­тер­ді қайтару тақырыбы мұны­мен тоқ­та­­­майды, жалғаса береді. Ке­рі­сін­ше, ол жүйе­лі түрде мем­ле­кет­тік саясат дең­ге­йі­не өтіп жатыр.

Сурет: nazarmedia.kz

Сұхбатта келтірілген деректер атқарылған жұмыстың ауқымын көрсетеді. Осы кезге дейін 1,3 трлн теңгеден аса қаражат ел игілігіне қай­тарылды. Оның 1 трлн теңгеден астамы мем­лекет бюджетін толықтыруға бағытталды. Арнайы қор арқылы бөлінген қара­жат әлеуметтік жобаларға жұмсалып келеді.

Бұл үдерісте Қайтарылған активтерді бас­қару компаниясы маңызды рөл атқарады. Өйткені ол активтердің ашық әрі тиімді сатылуын қам­та­ма­сыз етіп, оларды қоғам игілігіне айналдырып отыр.

Былтыр 17 желтоқсандағы Президент Жарлығына сәйкес, Активтерді қайтару жөнін­дегі комитеттің функциялары мен өкілет­тіктері Бас прокуратураға берілді. Комитет Инвес­тор­лар­дың құқықтарын қорғау комитеті болып қайта құрыл­ды.

Бас прокуратура заңсыз алынған активтерді қайтару мәселелері бойынша құқық мирасқоры болып танылып, оның жанынан тиісті қызмет құрылып, жұмыс жаңартылған құрылымда жалғасып отыр.

Жалпы, комитеттің қайта құрылуы оның мін­деттерінен бас тартуды білдірмейді. Қай­тару тетіктері уәкілетті мемлекеттік орган­дар­дың жұмысына енгізілді, сонымен қатар адал инвесторлардың құқықтарын қорғау күшей­ті­ліп жатыр. Мұндай теңгерім әділеттілікті қал­пына келтіруге де, бизнес үшін құқықтық бол­жамдылықты сақтауға да мүмкіндік береді.

Биылғы 3 қаңтардағы «Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Конституциялық Сотының шешім­дерін орындау және мемлекетке заңсыз алын­ған активтерді қайтару мәселелері бойын­ша Қазақстан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне өзгерістер мен толықты­ру­лар енгізу туралы» заң активтерді қайтару рәсім­дерін нақ­ты­лап, ашықтықты күшейтеді және қай­­та­рыл­ған қаражатты қоғам игілігіне бағыт­тау­ға мүмкіндік беретін тетіктерді кеңейтіп отыр.

5 трлн теңгеден асатын инвестициялық келісімдер қарапайым конфискациядан экономиканы және елдің ұзақмерзімді дамуын қолдайтын модельге көшуді көрсетеді.

Осы тұста Қайтарылған активтерді басқару компаниясының жұмысы ерекше маңызға ие екенін айта кеткен жөн. Өйткені біз ашық сау­даларды, цифрлық рәсімдерді, қоғамдық есептілікті және активтердің қоғам мүддесіне тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеміз. Сол арқылы компания қызметі әділеттілік пен ашықтыққа негізделген мемлекеттік саясаттың маңызды буы­нына айналып келеді.

Қуанышбек МҰҚАШ,

Қайтарылған активтерді басқару компаниясының бас директоры

Соңғы жаңалықтар

Қайтарылған қаржыға Тайынша ауруханасы жаңартылды

Экономика • Бүгін, 15:20

Қазақстан мен Хорватия серіктестігі нығаяды

Саясат • Бүгін, 15:05

Мұстафа Шоқайдың бұрын жарияланбаған фотосуреттері табылды

Жәдігер • Бүгін, 14:45

Израилдің батыс жағалауында 4G іске қосылды

Саясат • Бүгін, 14:00

Ислам Чесноков Шотландияның «Хартс» клубына ауысты

Футбол • Бүгін, 13:35

Президент сұхбаты: мемлекет саясаты қалай өзгерді?

Саясат • Бүгін, 13:11

АҚШ Конгресі Венесуэлаға қатысты әрекеті үшін Трампты айыптады

Әлем • Бүгін, 12:40

Юто Кубо Қаршыға Дәуітбектің көзін шұқып алды

Спорт • Бүгін, 12:15

Диспансерлік есепте тұрған 1787 жүргізушінің көлік басқаруына шектеу қойылды

Қоғам • Бүгін, 12:03

Автожолдардағы бүгінгі ахуал қандай?

Оқиға • Бүгін, 11:37

Дастан Сәтпаев үздіктердің көшін бастап тұр

Футбол • Бүгін, 11:26

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жаңа техника жұмысты жетілдіреді

Аймақтар • Бүгін, 10:50

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью