Заңсыз баюдың қылмыстық схемасы тоқтатылды

04.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Iшкi iстер министрлiгiнің мәліметінше, Қарағанды облысында полиция қызметкерлері Qarmet АҚ-да әрекет еткен қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Анықталғандай, күдіктілер жасырын алаяқтық схемаларды қолданып және кәсіпорынның жекелеген қызметкерлерімен сөз байласа отырып, жеткізілетін шикізаттағы темір құрамының көрсеткіштерін қолдан көтеріп отырған.

Кәсіпорынға келтірілген залал шамамен 190 млн теңгені құрады.

Барлығы заңсыз әрекеттерге қатысы бар 13 адам ұсталды – олар Теміртау қаласының тұрғындары.

Тінту барысында ірі көлемде қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қабылданған шаралар қалақұраушы кәсіпорынның тұрақты жұмысы мен тіршілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью