24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ақмола облысындағы «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында заңсыз елік атқан үш браконьерге сот үкімі шықты.
Қылмысты ұйымдастырған адам алты жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның екі сыбайласы екі жыл сегіз айға сотталды. Қылмыс жасау кезінде пайдаланылған автокөлік мемлекет есебіне тәркіленді. Жалпы бұл оқиға былтыр қаңтар айында болған. Алайда іс созбалаңға салынып, үкім тек биыл күшіне енді. Қазір облыс прокурорлары өңірдегі аңшы, балықшыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құзырлы орган өкілдері заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Мұхаммедсадық Әбләзімов, Облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры:
- 2025 жылы аңшылық және балық аулау ережелерін бұзғаны үшін шамамен 400 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға 8,5 млн теңге көлемінде айыппұлы салынды. 11 қылмыстық іс тіркелді. Ал жыл басынан бері ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ.