Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Жуырда әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея ойнатқан немесе жарнамалаған қазақстандық инфлюенсерлердің тағы бір легі айыппұл арқалады.
Ақпаратты құзырлы министрлік таратты. Ондағы дерекке сай, продюсер Мөлдір Мұқанға 589 мың теңгеден астам, актер Рамазан Амантайға 400 мың теңгеге жуық, блогер Мереке Қалбаеваға 589 мың теңгеден астам айыппұл салынған. "Джаст-кинг" 31 парақшасымен белгілі Нұрбек Нұртаза мен Қайсар Қамза 1 млн теңгеден астам, "супер-мамасита" парақшасымен танымал Әлия Байтуғаева 800 мың теңгеден астам айыппұл арқалаған. Жалпы жыл басынан осындай әрекеттері үшін 90 заң бұзушы анықталып, 40 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілген.
Мөлдір Мұқан - ₸589 800
Рамазан Амантай - ₸393 200
Мереке Қалбаева - ₸589 800
Нұрбек Нұртаза - ₸1 179 600
Әлия Байтуғаева - ₸825 720
Әмина Нұртаза - ₸825 720
Қайсар Қамза - ₸1 179 600