Заңсыз марганец өндірген қостанайлық тұрғын сотталды

04.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ұлытау облысында жер қойнауын заңсыз пайдалану фактісі бойынша ірі қылмыстық схема анықталып, сот үкімі шықты. Тергеу деректері мемлекетке миллиардтаған теңге көлемінде залал келтірілгенін көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлытау облысының прокуратурасы Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, өңір аумағында марганец кенін заңсыз өндіруді ұйымдастырған қылмыстық тізбекті әшкереледі. Тергеу барысында Қостанай облысының 50 жастағы тұрғыны 2020-2023 жылдар аралығында жер қойнауын пайдалануға лицензиясы мен келісімшарты жоқ болса да «Шығыс Қаражал» кен орнында марганец кенін өндіруді жолға қойғаны анықталған.

Сонымен қатар күдікті қолма-қол ақшаға айналдыру тетіктерін пайдаланып, жалған мәмілелер арқылы пайдалы қазбаларды сатудан түскен қылмыстық табысты заңдастырған. Аталған кезеңде 16 мың тоннадан астам кен жөнелтіліп, мемлекетке 1,3 млрд теңгеден аса залал келтірілген.

Қарағанды облысында темір рудасын заңсыз саудалағандар ұсталды

Қылмыстық қызмет нәтижесінде өңделген темір-марганец кенін ел ішінде және шетелге сату арқылы 3,5 млрд теңгеден астам пайда табылған. Тергеу материалдарына сәйкес, табыс қылмыстық жолмен алынған қаражатты жасыру және айналымға енгізу арқылы көбейтілген.

Іс Ұлытау облысының сотында қаралып, айыпталушы 5 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға шектелді. Мемлекет кірісіне 4,8 млрд теңге өндіріліп, қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған 3 жеңіл және 2 жүк автокөлігі тәркіленді.

Түркістанда мұнай өнімдерін заңсыз әкеткендерге айыппұл салынды

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Еске сала кетейік, бұдан екі жыл бұрын дәл осындай оқиға осы Ұлытау облысында тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

Ертең теледидар мен радио жұмыс істемейді

Қоғам • Бүгін, 10:58

Еркін Әбіл: Тарихи сабақтастықты Конституцияда бекіту – ұлт жадын қорғау

Ата заң • Бүгін, 10:43

Бала күтімімен отырған әкелердің декрет уақыты еңбек өтіліне қосылады

Қоғам • Бүгін, 10:33

Трамп Гарвардтан 1 млр доллар көлемінде өтемақы талап етті

Әлем • Бүгін, 10:21

Ақтөбе тұрғыны ұрланған миллиондарын қайтарамын деп тағы алданды

Қоғам • Бүгін, 10:10

Үш адамның өмірін қиған өрт: Қылмыскер 25 жылға сотталды

Оқиға • Бүгін, 09:59

АҚШ ирандық ұшқышсыз ұшу аппаратының көзін жойды

Әлем • Бүгін, 09:45

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:34

Геосаяси шиеленістің зардабы: Үндістандық IndiGo Алматыға рейстерін тоқтатты

Оқиға • Бүгін, 09:21

Боран мен көктайғақ: Қазақстанның қай өңірлерінде жол жабылуы мүмкін?

Қоғам • Бүгін, 09:10

Әдебиеттің айбоздары анықталды

Қоғам • Бүгін, 09:05

Ата заң: Елдік мұрат жолындағы ортақ ұстаным

Реформа • Бүгін, 09:00

Ұлттық құндылықтарды қорғайды

Саясат • Бүгін, 08:58

Ашық, сындарлы диалог жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:55

Стратегия­лық бағыттың логикалық жалғасы

Ата заң • Бүгін, 08:53

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью