Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Белгілі болғанындай, Қырғыз Республикасының азаматы өз елінен Ресейге Қазақстан аумағы арқылы транзитпен «DAF» маркалы жүк автокөлігімен бал өнімдерін тасымалдаған. Тексеру барысында өнімге оның қауіпсіздігі мен шығу тегін растайтын міндетті ветеринариялық құжаттардың болмағаны анықталды.
— Азаматқа Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 406-бабының 2-тармағына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. Тасымалданған ара шаруашылығы өнімдері кері қайтарылды, — делінген хабарламада.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық қызметтің бақылауындағы жүктерді тасымалдауға тек белгіленген ветеринариялық ілеспе құжаттар болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертеді. Аталған талаптарды сақтау ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, сондай-ақ Қазақстан аумағына қауіпті өнімдердің әкелінуі мен транзитінің алдын алу үшін айрықша маңызды саналады.
Бұдан бұрын Жамбыл облысында заңсыз аңшылықтан келген залал 92 млн теңгеден асқанын жазған болатынбыз.