Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 9 шілде – Sputnik. Ішкі істер минитрлігі қосымша отын бактарымен заңсыз жабдықталған көліктерге қарсы күресті күшейтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазіргі кезде мемлекеттік шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінің маңында 59 полиция бекетінің жұмысы ұйымдастырылды. Негізгі мақсат - жанар-жағармай материалдарын заңсыз әкетуге жол бермеу.
"Жыл басынан бері қосымша отын бактары заңсыз қайта жабдықталған көліктерді пайдалану бойынша 255 құқық бұзушылық фактісі анықталды. Құқық бұзушылардың барлығы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 7-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді полицейлер.
Жауапқа тартылғандардың ішінде 195 шетел азаматы және Қазақстанның 60 азаматы бар. Заңсыз орнатылған қосымша отын бактары алынып тасталды. Ал көліктер иелеріне қайтарылды.
Айта кетері, рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік үшін 15 АЕК (64 875 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.