Зарина Дияс Australian Open чемпионатына жолдама жеңіп алды

29.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Australian Open чемпионатына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қытайда өткен Australian Open Asia-Pacific іріктеу турнирінде wild card сарапқа салынды. Оны жеңген адам Australian Open чемпионатының негізгі жарыстарына бірден шыға алады.

Іріктеу турнирі кезінде финалда Зарина Дияс тайбэйлық Лян Эньшуомен кездесіп, 6:3 және 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық теннисші Australian Openт жолдамасына ие болды.

Айта кетері, бұған дейін Зарина Дияс Australian Open-нің үшінші айналымына 2014, 2015, 2020 мен 2021 жылдары шыққан болатын. Бұл - оның ең үздік көрсеткіші.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью