Зауыттан 30 мың тонна металл ұрлады деген күдікпен Qarmet мердігері ұсталды

26.12.2025

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қаржы мониторинг агенттігі «АлбаСтройДор» компаниясының басшысы Сергей Кимді ұстады. Ол бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау» аумағынан аса ірі көлемде ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Ким домна қоспасы мен кесек шойынды заңсыз әкету схемасын ұйымдастырған. Келтірілген шығын 1,8 млрд теңгеден асады. Ресми түрде оның компаниясы тек домна шлагын қайта өңдеуге ғана келісімшарт жасаған, қалдықтарды иелену немесе пайдалану құқығы болмаған. Алайда зауыт нысандарына еркін кіріп-шығу мүмкіндігін пайдаланып, ол құнды өнімді тасымалдауды жолға қойған.

Металл тиелген көліктердің зауыттан кедергісіз шығуы үшін схемаға аффилирленген күзет компаниясы тартылған. Күзет қызметкерлері көліктерді еш тексерусіз өткізіп отырған. Ұрланған өнім кейін бақылаудағы фирмалар арқылы рәсімделіп, айналымға шығарылған.

ҚМА мәліметінше, барлығы 31 мың тоннадан астам өнім ұрланған. Сергей Ким екі айға қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью