Зейнетақы 10% ға өседі: 2026 жылы зейнеткерлер қанша теңге алады?

22.12.2025

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстанда 2026 жылдан бастап зейнетақы төлемі 10%-ға өседі. Келер жылдарға арналған бюджет жоспарына сәйкес, 2026 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге жетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Бүгінде бұл көрсеткіш 62 771 теңгені құрап отыр, демек өсім 6 278 теңге болмақ. Сонымен қатар базалық зейнетақы мөлшері де 32 360 теңгеден 35 596 теңгеге дейін көтеріледі.

Ең төменгі және ең жоғары төлем мөлшері

2026 жылғы индекстеуден кейін еліміздегі ең төменгі жалпы зейнетақы мөлшері (базалық төлемді қосқанда) 104 645 теңгеден кем болмайды. Ал ең жоғары зейнетақы көлемі 238 412 теңгеге дейін жетеді деп күтіледі.

Еске сала кетейік, Қазақстанда зейнетақы үш бағыттан құралады: 1998 жылға дейінгі өтілі барларға арналған ынтымақты, баршаға ортақ базалық және БЖЗҚ-дағы жеке жинақтаушы бөлік.

Алдағы үш жылға арналған болжам

Бюджет жобасында зейнетақының орташа мөлшерінің де өсу қарқыны көрсетілген. Орташа зейнетақы: 

2026 жылы – 103 687 теңге; 2027 жылы – 108 940 теңге; 2028 жылы – 113 995 теңге.

Орташа базалық зейнетақы: 

2026 жылы – 54 082 теңге; 2027 жылы – 58 276 теңге; 2028 жылы – 61 527 теңге.

Ерлер 63 жаста, әйелдер 61 жаста зейнетке шығады. Бұл ереже 2028 жылға дейін күшінде болады. Соңғы мәліметтер бойынша, елімізде 2,5 миллионнан астам зейнеткер бар.

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі «Үйде жалғыз» фильмі үлгісіндегі пряник үйі Гиннес рекордын орнатты

Әлем • Бүгін, 11:20

Активтерді қайтару: 7,5 млрд теңге Қарағанды облысының медицинасына жұмсалады

Медицина • Бүгін, 11:07

Илон Масктың байлығы рекордтық деңгейге жетті

Әлем • Бүгін, 10:51

World Boxing: Махмұд Сабырхан «Жылдың үздік боксшысы» атағына ұсынылды

Бокс • Бүгін, 10:45

Алматыда ірі көлемдегі есірткі арнасы жойылды

Оқиға • Бүгін, 10:32

Франция президентінің резиденциясынан заттар ұрланған

Әлем • Бүгін, 10:27

Қарағанды мектептеріне төнген қауіп туралы ақпарат жалған болып шықты

Оқиға • Бүгін, 10:17

Президент, спортшылар, мәдениет майталмандары: Ел ризашылығына бөленген 2025 жылдың үздіктері кімдер?

Қоғам • Бүгін, 10:04

Килиан Мбаппе Криштиану Роналдудың рекордын қайталады

Спорт • Бүгін, 09:52

Зейнетақы 10%-ға өседі: 2026 жылы зейнеткерлер қанша теңге алады?

Оқиға • Бүгін, 09:45

Жаңа жылдан бастап ел азаматтары жеке куәлікті тегін алады

Қоғам • Бүгін, 09:33

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:26

ERG мен Жапония әріптестігі: Галлий өндірісіндегі Қазақстанның серпілісі

Экономика • Бүгін, 09:15

Арқалық тасжолында 45 жылқы тиеген жүк көлігі аязда қалып қойды

Оқиға • Бүгін, 09:00

Алматыда жер сілкінісі сезілді

Төтенше жағдай • Бүгін, 08:33

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью