Зейнетақы ісі бойынша 11 күдікті қамауда отыр

08.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Тіс емдеуге деп формальды шарттар арқылы зейнетақы қорынан қаржы шығарған 11 күдікті 2 ай мерзімге қамалған. Тағы үшеуі үйқамақта отыр.

Жалпы бұл іске 42 стоматологиялық клиника тартылған. Қазіргі уақытта Қаржылық мониторинг агенттігі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан азаматтардың жинақтарын заңсыз шығару деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де адамдарға қатысты тергеп-тексеруді жалғастырып жатыр. «Бұл көмек үшін күдіктілер алынған қаражаттың 10-нан 20 пайызға дейінгі мөлшерінде заңсыз сыйақы алып отырған», - дейді құзырлы орган. Жалпы сомасы бұл істе зейнетақы қорынан 200 млрд теңгеден астам қаражат шығарылған. Бұл қаржыға күдіктілер элиталық жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алып, онысын із жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Сосын жаңа стоматологиялық клиникалар ашқан.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Он бір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сонымен қатар жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың  жалған қорытындыларын берген, күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы 30 млн теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью