Зейнетақы қорындағы қаражатты ипотеканы төлеуге жұмсауға болады

30.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстандықтар зейнетақы қорындағы қаражатын енді ипотеканың негізгі бөлігін төлеуге жұмсай алады.

Осы орайда өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бұйрық жобасы пысықталып жатыр. Қарызды өтеуге шекті мөлшерден асқан қаржы ғана қолданылады. Бұған дейін азаматтар ол сома арқылы ипотеканы пайызымен бірге жабатын. Енді банктің берешегін төлеудің қажеті жоқ. Сонда қордан алынған қаражат көлеміне қарай несие толық жабылады немесе қалған ай сайынғы төлем мөлшері мен мерзімі қысқарады. 

Даубек Керімбаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің бас сарапшысы: 

- Қазіргі таңда біз бірнеше мемлекеттік органмен олардың ұсыныстарын талқылауға салып, біз жобаны қайта мемлекеттік органдарға келісуге жолдадық. Қолдау тапқан жағдайда тиісті мемлекеттік органдар тарапынан, қаңтар айында жоспарлап отырмыз.  

Зейнетақы жинағының жеткілікті шегі өседі 

Айта кетер жайт, алдағы жылы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегі 10 пайызға өседі. Инфляцияның болжамды мәндері есептеліп, кестеге өзгеріс енгізілді. Соған сәйкес, енді 20 жастағы азамат қордан қаражат алу үшін оның жинағында кемінде 3 млн 720 мың теңге болу керек. Ал 30 жастағылар 5 млн 890 мың жинақтау қажет. 40 пен 50 жас аралығындағы қазақстандықтардың 6 млн 720 мыңнан 8 млн 570 мың теңгеге дейін сомасы болуы міндетті. Ал 60 жасқа дейінгілердің жинағында кемінде 10 млн 700 мың теңге жатуға тиіс. 

ЕҢ ТӨМЕНГІ ЖЕТКІЛІКТІ ШЕГІ

20 ЖАС - ₸3 720 000

25 ЖАС - ₸4 390 000

30 ЖАС - ₸5 120 000

35 ЖАС - ₸5 890 000

40 ЖАС - ₸6 720 000

45 ЖАС - ₸7 610 000

50 ЖАС - ₸8 570 000

55 ЖАС - ₸9 600 000

60 ЖАС - ₸10 700 000

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью