Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Елімізде азаматтардың зейнетақы жинағының қоры биылғы 1 наурыздағы есеп бойынша 26,87 трлн теңгеден асты. Кейінгі бір жылдағы өсім – 4,19 трлн теңге (18,5%).
2026 жылғы 1 наурызда міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебіндегі жинақ көлемі 25,23 трлн теңге болды. Бір жылдағы өсім 3,35 трлн теңгеге (15,3%) жетті. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бір жылда 14,8%-ға өсіп, 746,91 млрд теңге болды. Бір жыл ішіндегі ең қомақты өсім – ерікті зейнетақы жарналарында (23,6%). Оның көлемі биылғы ақпанда 9,89 млрд теңгені көрсетті. Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) да еселене артқан. Нақтыласақ, былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда биыл 2,8 есеге ұлғайып, 879,18 млрд теңге болды.
Зейнетақы жинақтары зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс есебінен молаяды. 2026 жылдың алғашқы екі айында салымшылардың жеке әрі шартты зейнетақы шоттарына 571,83 млрд теңге түсті. Бұл былтырғы қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 15%-ға (74 501,45 млрд теңге) артқанын көрсетеді.
Жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) биыл жыл басынан бері 446,35 млрд теңге түскен. Қаңтар айынан бері салымшылардың шоттарына түскен таза инвестициялық кіріс 523,88 млрд теңгеден асты. Қаңтар-ақпандағы БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлеріне жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 237,13 млрд теңге болды. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 42,32 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кестеге сай берілетін орташа айлық төлем – 38 735 теңге.
2026 жылдың басынан бері тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, сонымен қатар емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен 86,26 млрд теңге жұмсалған. Мұрагерлікке – 26,86 млрд теңге, елден көшіп кетуіне байланысты – 6,67 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 665,93 млн теңге, жерлеуге 1,63 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 72,73 млрд теңге аударылды.
Соңғы жаңалықтар
Табыс теңгерімі: Жалақы мен баға арақатынасы
Экономика • Бүгін, 08:17
Жүгері өңдеу зауытының құрылысы басталды
Құрылыс • Бүгін, 08:15
Қазақстан • Бүгін, 08:13
Шаруашылық • Бүгін, 08:10
Ата заң нормаларын танымалдандыру маңызды
Ата заң • Бүгін, 08:07
Президент тапсырмасына сай экономиканы ырықтандыру жайы пысықталды
Саясат • Бүгін, 08:05
Геологиялық әлеуетті күшейту – басым бағыт
Саясат • Бүгін, 08:03
Саясат • Бүгін, 08:00
Қытай блогері «Достық» орденімен марапатталды
Саясат • Бүгін, 07:57
Парламентаралық диалог: Жоғары деңгейдегі сенім мен түсіністік
Саясат • Бүгін, 07:55
Ауыл шаруашылығын цифрлық бақылауға алу қажет
Сенат • Бүгін, 07:50
Саясат • Бүгін, 07:45
Қоғам • Кеше
Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингтен шығып қалды
Спорт • Кеше
Ертең еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше