Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Отбасы банк мәліметінше, мұндай шешім зейнетақы жинақтарын емдеуге пайдалану талаптарын қайта қарауға байланысты қабылданған. Қазіргі уақытта жұмыс Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен және өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізіліп жатыр.
Аталған шаралар аясында БЗТ арқылы медициналық қызмет алу шарттарын өзектендіру, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді ықпалдастыру тетіктерін пысықтау көзделген. Бұл қадамдар зейнетақы қаражатының мақсатсыз жұмсалуына жол бермеуге және рәсімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған.
Өтінім қабылдау қашан қайта басталатыны жөнінде қосымша хабарланады.
Айта кетейік, бұған дейін бір айдың ішінде қазақстандықтар радиохирургиялық ем алуға 5,6 млрд теңге көлемінде зейнетақы төлемін алғаны хабарланған болатын.
Сондай-ақ өткен жылы азаматтарға зейнетақы жинақтарын пластикалық операцияларға пайдалануға тыйым салынғаны белгілі.
БЖЗҚ зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегін 10 пайыз көтерді.