Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
— 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы шот ашылғаннан кейін азамат тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемін алу үшін электронды өтініш толтырады.
Өтініште арнайы шоттың нөмірі, қаражатты пайдалану мақсаты және қолжетімді сома көрсетіледі.
Өтініш өтініш берушінің электронды цифрлық қолтаңбасымен расталады, — делінген құжатта.
Бұған дейін өтініште жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілдері де көрсетілуі тиіс болатын.
Жаңартылған қағидаларға сай, біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мына мақсаттарда пайдалануға болады: — тұрғын үй сатып алуға алынған ипотекалық қарыздың негізгі қарызын толық немесе ішінара өтеу (бір банк қарызы шарты аясында жөндеу жұмыстарын жүргізу де осыған кіреді); — тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жеке тұрғын үй салу, соның ішінде нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық саналатын жер телімін сатып алу.
Сонымен қатар, біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт бойынша құқықтарды жұбайына және (немесе) жақын туыстарына беру мүмкіндігі сақталады.
Алайда мұндай құқықтарды үшінші тұлғаларға қайтадан беруіне жол берілмейді.