Зейнетақы жинағын баспанаға пайдалану: Қазақстанда жаңа ережелер күшіне енді | Qazaq24.com
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Елімізде зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалану тәртібі жаңартылды.
Тиісті бұйрыққа Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 13 қаңтарда қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
фото: ашық дереккөз Жаңа қағидаларға сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтар арнайы шот ашқаннан кейін тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемін алу үшін электронды өтініш береді.
Өтініште арнайы шоттың нөмірі, қаражатты пайдалану мақсаты және қолжетімді сома көрсетіліп, электронды цифрлық қолтаңбамен расталады.
Зейнетақы жинағын қалыптастыру не үшін маңызды? Енді өтініште жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілдерін көрсету талап етілмейді.
Жаңартылған талаптарға сәйкес, біржолғы зейнетақы төлемдерін ипотекалық қарыздың негізгі қарызын толық немесе ішінара өтеуге, сондай-ақ бір банк қарызы шеңберінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге пайдалануға болады.
Сонымен қатар, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жеке тұрғын үй салуға немесе жеке тұрғын үй құрылысы мен жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жер телімін сатып алуға рұқсат етіледі.
Читать полностью
Читать новость