Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдадану шегі қашан көтерілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін министр зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдадану шегін тағы 10 процентке көтеру жайында айтқан болатын. Қазіргі кезде үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Бұл құжат басқа мемлекеттік органдарға келісу үшін жіберілген.
Вице-министр Виктория Шегайдың айтуынша, бүгінде зейнетақы жинақтарын пайадалану әдістемесі қайта қаралып жатыр. Бірақ әзірше нақты шешім жоқ.
"2026 жылы жеткіліктілік шегі көтерілген болатын. Биыл тағы көтерілмейді", - деді Шегай.
Осы орайда вице-министр жеткіліктілік шегін көтеру тәртібін түсіндірді. Әлеуметтік кодекске сәйкес, зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалану шектері бірыңғай зейнетақы қорының ресми сайтында жаңа жылға бір ай қалғанда жарияланады.
"Негізі, 5 жылдың ішінде 5 триллион теңгеден астам қаржы алынған болатын. Соның ішінде шамамен 1 триллион теңгені 35 жасқа дейінгі азаматтар пайдаланған. Ондай жағдай алаңдаушылыққа негіз бола алады", — деді Шегай.