Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалану бойынша жеткіліктілік шегі тағы 10 процентке көтеріледі. Бұл туралы туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде үкімет қаулысының жобасы әзірленді. Бұл құжат басқа мемлекеттік органдарға келісу үшін жіберілді.
"Мәселен, өткен жылы азаматтың жеткіліктілік шегі шартты түрде 2 млн теңге болса, биыл осы сомаға инфляция деңгейі және шамамен 10 процент қосылады", — деді Ертаев сенаттағы брифингте.
Айта кетері, биылдан бастап зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдаланудың ең төменгі жеткіліктілік шегі орта есеппен 10 процентке көтерілген болатын. Осылайша былтыр 30 жастағы адамның біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану шегі 4 580 000 теңге болса, жаңа жылда бұл көрсеткіш 5 120 000 теңгеге дейін өсіп отыр.
Бұған дейін ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов те лайықты зейнетақы төлеу үшін жинақтарды мерзімінен бұрын пайдалану шегін көтеру қажеттігін айтқан.