Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарын пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілуі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасын Индустрия және құрылыс министрлігі әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұйрық жобасы 21 қарашаға дейін "Ашық НҚА" порталында талқыланады.
Жоба зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Атап айтқанда, оларды төмендегідей мақсаттарға бағыттауға рұқсат беру ұсынылады:
тұрғын үй несиесі бойынша негізгі қарызды өтеу; ай сайынғы төлемді азайту; несиенің мерзімін қысқарту.Құжатқа сүйенсек, жаңартулар Салық кодексінің жаңа редакциясымен байланысты, оған сәйкес Қазақстан резиденттері БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан жеке табыс салығын төлеуден босатылады.
Министрлік мәліметінше, өзгерістердің мақсаты — біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану процесін тиімді әрі ыңғайлы ету, сондай-ақ азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қосымша құралдар беру.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!