Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін

31.12.2025

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Елімізде зейнетақы аннуитетіне қатысты жаңа өзгерістер дайындалып жатыр. Егер олар қабылданса, зейнетақыны алу және мұрагерге беру тәртібі бұрынғыдан ыңғайлы болмақ, деп жазады Egemen.kz.

Фото: ашық дереккөз

Қазір отандастарымыздың зейнетақы алудың 2 жолы бар. Біріншісі – үйреншікті тәсіл, яғни, төлемдер БЖЗҚ-дан ақша таусылғанша беріледі. Екіншісі – зейнетақы аннуитеті. Бұл жағдайда адам өз жинағын сақтандыру компаниясына аударады да, өмір бойы ай сайын төлем алып отырады.

Аннуитеттің басты айырмашылығы төлем өмір бойы жалғасады. Тіпті зейнетақы жинағы таусылса да, ақша төлене береді. Ай сайынғы төлем мөлшері келісімшартта алдын ала бекітіледі және ол ең кемі күнкөріс минимумының 70%-ынан төмен болмауы керек.

Егер аннуитет келісімшартында кепілдендірілген төлемдер қарастырылса, зейнеткер қайтыс болғаннан кейін қалған ақша жойылып кетпейді. Ол келісімде көрсетілген адамға беріледі. Бұл жұбайы, баласы немесе басқа жақын туысы болуы мүмкін.

2026 жылдан бастап осы тәртіп өзгеруі мүмкін. Ұсынылып отырған түзетулерге сәйкес, кепілдендірілген төлемді алушы адам ақшаны қалай алатынын өзі таңдай алады. Яғни, бірден толық сомамен немесе ай сайын бөліп алу мүмкіндігі болады.

Сонымен қатар зейнетақы аннуитетін рәсімдеген адам келісімшартты бұзбай-ақ, төлем алушыны өзгерте алады. Бұл, мысалы, бастапқы алушы қайтыс болғанда немесе зейнеткер ақшаны басқа балаларына не немерелеріне бөлгісі келген жағдайда маңызды.

Тағы бір нақтылау бар. Егер аннуитет келісімін жасауға зейнетақы жинағы сәл жетпей тұрса, жетпейтін соманы бір ретте және толық төлеу қажет болады. Бөліп төлеуге рұқсат берілмейді.

Қазір бұл өзгерістер күшіне енген жоқ. Заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті

Қаржы • Бүгін, 19:52

Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 19:34

Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды

Қоғам • Бүгін, 19:02

Елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасады

Ауа райы • Бүгін, 18:44

Төрт облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді

Ауа райы • Бүгін, 18:23

Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Экономика • Бүгін, 17:53

Байланыс операторлары мен букмекерлерге айыппұл күшейді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 17:42

Астанада автобус аялдамасын бүлдірген вандал ұсталды

Оқиға • Бүгін, 17:30

Болгария 2026 жылдан бастап еуроға өтеді

Әлем • Бүгін, 17:25

Доллар бағамы 3 теңгеге көтерілді

Қаржы • Бүгін, 17:19

Қаңтар жылы болады: синоптиктердің 2026 жылға болжамы

Ауа райы • Бүгін, 17:09

Қазіргі балалар Аяз атаға сене ме?

Қоғам • Бүгін, 16:53

Шымкенттегі екі тұрғын үй алабына газ берілді

Аймақтар • Бүгін, 16:42

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Президент • Бүгін, 16:30

Әскери бөлімде Айқас есімді тазы ит қызмет етеді

Қоғам • Бүгін, 16:22

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью