Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қазақстандықтарға 40 жыл еңбек өтілі болған жағдайда зейнетке шығу құқығын беру туралы ұсынысқа пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев қазақстандықтарға 40 жыл еңбек өтілі болған жағдайда зейнетке шығу құқығын беру туралы ұсынысқа пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметте өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап берген Ертаев Еңбек министрлігі бұл бастаманы зерттеп, оны ведомстволық бағынысты ұйымдар мен сарапшылардың қарауына жібергенін айтты.
"Олар өз ұсыныстарын беру үшін. Бірақ жалпы жұмыс тобында бірнеше ұсыныс қаралады. Біріншісі, мен бұған дейін айтқандай, 4 + 1. Бұл БЖЗҚ тарапынан түскен ұсыныс, сондай-ақ біздің Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан сақтандыру зейнетақысы бойынша ұсыныс бар және үшіншісі сенатор ұсынған бастама", - деді Ертаев.
Оның айтуынша, жұмыс тобының отырыстары мамырда басталып, айдың соңына дейін жалғасады.
Мән-жайыБұған дейін сенатор Амангелді Нұғманов қолданыстағы зейнетақы жүйесін қайта қарап, зейнетақы негізінен жас шамасына байланысты тағайындалатын модельден кезең-кезеңімен бас тартуды ұсынған болатын. Оның орнына адамның еңбек өтілі, денсаулық жағдайы мен нақты еңбекке қабілеттілігі ескерілетін икемді тәсілді қолдады. Сондай-ақ сенатор бұл бастамаларды пысықтау үшін арнайы ведомствоаралық жұмыс тобын құруды ұсынды.
Сонымен қатар Қазақстанда басқа да зейнетақы реформасы - "4 + 1" моделі талқыланып жатыр. Ол жұмыс берушінің 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарнасының 4 пайызы жұмыскерлердің жеке шоттарына, ал 1 пайызы жалпы сақтандыру қорына аударылуын көздейді. Бұл тәсілдер бойынша түпкілікті шешім 1 маусымға дейін әзірленеді деп жоспарланып отыр.
Талқыланып жатқан тағы бір блок жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарына (ЖМЗЖ) қатысты. Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы ЖМЗЖ мөлшерлемесі жұмыскер табысының 3,5 пайызын құрайды, ал 2028 жылға қарай 5 пайызға жетуі тиіс. Бұл механизмнің тиімділігі биылғы жылдың нәтижелерімен расталып отыр. 1 сәуірдегі жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,8 миллион қазақстандықты қосымша зейнетақы құқығымен қамтамасыз етті. Жыл басынан бері олардың пайдасына 951 миллиард теңге аударылды.