Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше тұтқалы ат снарядында Ұлттық құрама спортшысы Зейнолла Ыдырысов 2-орын алды. Ол финалда 14.133 балл жинады.
Осы жаттығуда тағы бір отандасымыз, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов бақ сынап, 7-сатыдан көрінді. Оның еншісінде 13.233 ұпай бар. Тұтқалы ат снарядының жүлдегерлері:
1. Матео Зугец (Хорватия, 14.166 балл)
2. Зейнолла Ыдырысов (Қазақстан)
3. Джошуа Натан (Ұлыбритания, 14.100 балл)
Ертең финалдық бәсекенің 2-күні. Онда ел намысын Роман Маменов қорғайды. Ол тіреніп секіру жаттығуында жүлдеге таласады.