Зеленский АҚШ қа зымырандар үшін Ресейдің МӨЗ деріне соққы беруді тоқтата тұруды ұсынды БАҚ

20.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тан Patriot жүйелеріне арналған зымыран-ұстағыштарды жеткізу шартымен Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына (МӨЗ) жасалатын соққыларды 30 күнге тоқтата тұруды ұсынды. Бұл туралы Axios-қа сілтеме жасаған Tengrinews.kz хабарлайды.

Дүйсенбі күні Зеленский АҚШ сенаторлары тобымен онлайн-кездесу өткізіп, Киевтің соңғы кездері тап болған түйткілдерін баяндады. Axios басылымы кездесудің стенограммасын Украинаның ресми тұлғаларынан алған.

Басылым мәліметінше, бұған дейін жексенбіде Зеленский АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен және Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнермен келіссөздер жүргізген.

Украиналық шенеуніктердің айтуынша, америкалық өкілдер Киевтен Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасауды тоқтатуды тағы да сұраған.

"Зеленский сенаторларға америкалық елшілерге МӨЗ-дерге жасалатын соққыларды 30 күнге тоқтатуды ұсынғанын айтқан. Бұған айырбас ретінде АҚШ Украинаға осы кезең ішінде Ресейдің баллистикалық зымырандарынан қорғана алуы үшін Patriot жүйелеріне арналған зымыран-ұстағыштар жеткізуі тиіс болған", - делінген материалда.

Зеленскийдің сөзінше, Уиткофф пен Кушнер бұл ұсынысты қолдауға ықылас танытпаған.

Сондай-ақ президент АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсеттің НАТО елдері олар үшін ақы төлеп қойса да, Patriot жүйелеріне арналған зымыран-ұстағыштар мен NASAMS әуе қорғанысы жүйелеріне арналған AIM-9X зымырандарын жеткізуді құптап отырмағанын мәлімдеді.

"Бізде америкалық серіктестерден алған Patriot зымыран-ұстағыштары таусылуға жақын. Мұның бәрі бізге көмек көрсетуді бәсеңдету туралы қандай да бір саяси шешім қабылданғанын көрсетеді. Біз не болып жатқанын, оның не себепті болып жатқанын және мұның соңы неге апаратынын түсінгіміз келеді", - деді ол.

Зеленский сенаторларға келесі аптада Норвегия астанасы Ослоға баратынын және сейсенбі немесе сәрсенбі күні Уиткофф пен Кушнермен кездесуі жоспарланғанын хабарлады. Осыдан кейін америкалық өкілдер Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Мәскеуге аттануы мүмкін, деп хабарлады жағдайдан хабардар дереккөз.

Тағы оқыңыз: Трамп Путинмен келіссөздер туралы айтып, Си Цзиньпинмен кездесу мүмкіндігін жоққа шығармады

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью