Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 7 ақпан – Sputnik. Америка Құрама Штаттары Украинадағы қақтығысты маусымға дейін аяқтағысы келеді деп мәлімдеді Владимир Зеленский. Оның сөзін РБК-Украина келтіреді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Америкалықтар тараптарға соғысты осы жаздың басына дейін аяқтауды ұсынып отыр және тараптарға осы кестеге сәйкес қысым жасауы мүмкін", - дейді ол.
Зеленский Вашингтонның ұстанымына ішкі саяси факторлар, атап айтқанда алдағы сайлау мен Конгресс жұмысы да әсер етуі мүмкін екенін айтты.
Сәрсенбі және бейсенбі Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина делегацияларының қатысуымен Украина бойынша келіссөздердің екінші раунды өтті. Бірінші раунд 23-24 қаңтарда өткен еді. Келіссөздер жабық есік жағдайында өтті.