Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Владимир Зеленский тұтқындармен алмасу жақын арада өтеді деп күтетінін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз тұтқындар алмасуы жақын арада өтеді деп күтеміз", - деді Зеленский өзінің Telegram арнасында жарияланған мәлімдемесінде.
Үшжақты топ аясындағы Украина бойынша келіссөздердің екінші кезеңі Әбу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінің қатысуымен өтті.
Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков үшжақты топтың БАӘ астанасындағы жұмысы сәрсенбіде басталатынын хабарлаған болатын. Axios мәліметі бойынша, Әбу-Дабидегі келіссөздер бейсенбіде қайта жалғасады деп күтіліп отыр.
Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінің қатысуымен қауіпсіздік мәселелері бойынша үшжақты жұмыс тобы аясындағы келіссөздердің бірінші кезеңі 23-24 қаңтарда Әбу-Дабиде баспасөзсіз жабық форматта өтті.