Зеленский Батыс пен АҚШ тан қаржылай көмек сұрады

28.12.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 28 желтоқсан – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесудің алдында Батыс пен Американың қолдауы ауадай қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол өз Telegram каналында жазды.

"Күшті болу үшін бізге әлемнің – Еуропа мен Америка Құрама Штаттарының қолдауы қажет. Ал қазір әуе қорғанысы техникалары жеткіліксіз, қару-жарақ жеткіліксіз", – делінген жазбада.

Сонымен қатар ол қаржы тапшылығы бар екенін айтып, тағы көмек сұрады.

Трамп жексенбі күні Флоридада Зеленскиймен кездеседі. Жұма күні ол Украина басшысымен келісімге жету мүмкіндігін жоғары бағалаған болатын. Сонымен қатар Ақ үйдің иесі Киевтің Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі ұсыныстары өзінің мақұлдауынсыз еш нәтиже бермейтінін мәлімдеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью