Зеленский Батысты Patriot жүйелеріне арналған зымырандарды жеткізуге үндеді

02.08.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский Батыс елдерін Patriot жүйелеріне арналған зымырандарды жеткізіп беруге үндеді.

"Әлемде Patriot жүйелеріне арналған зымырандар бар. Маңыздысы – серіктестердің қажетті көмек пакеттерін беру туралы саяси шешім қабылдауы. АҚШ бізге не қажет екенін біледі. Еуропа да жақсы біледі", – деп жазды ол Telegram каналында.

Оның айтуынша, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері "қоймаларда жатып қалмауы керек".

Ресей Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Киевке оқ-дәрілер тиелген кез келген жөнелтім Мәскеу үшін заңды нысана болатынын мәлімдеген.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью