Зеленский бейбітшілік жоспары 90 пайызға дайын деп мәлімдеді

01.01.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 1 қаңтар – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский жаңа жылдық құттықтауында Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі келісімнің 90 пайызға дайын екенін мәлімдеді.

"Қазір біз бейбіт келісім 90 пайызға … дайын болды деп отырмыз", – деді Зеленский үндеуінде.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп еуропалық көшбасшылармен және Зеленскиймен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде мәселелердің 95 пайызы бойынша келісімге қол жеткізілгенін айтқан болатын.

Трамп 28 желтоқсанда Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясында Владимир Зеленскиймен кездесті. Екіжақты келіссөздерден кейін Трамп пен Зеленский еуропалық көшбасшылармен телефон арқылы сөйлесті. Зеленскиймен кездесуге дейін, Трамптың айтуынша, ол Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы өте нәтижелі сұхбат өткізген.

АҚШ әкімшілігі бұған дейін Украинадағы жағдайды реттеу жоспары әзірленіп жатқанын хабарлаған еді. Кремль Ресейдің келіссөздерге ашық екенін жеткізді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью