Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен әңгімелесу барысында Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына (МӨЗ) соққы жасау қарқынын төмендету мүмкіндігін қарастырған. Бұл туралы Трамп Fox телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
"Мен президент Зеленскиймен сөйлестім. Мен оған мұнай өңдеу зауыттарына жасалатын соққыларды азайту керектігін айттым. Ол "иә, бәлкім, солай жасармыз" деп жауап берді", – деді Трамп.
Бұған дейін Трамп Украинадағы қақтығыс АҚШ-та дизель отыны бағасының өсуіне әкеліп отырғанын айтқан. 14 қыркүйекте ол Киев Ресейдің энергетикалық нысандарына соққы жасамауға келіскенін мәлімдеген еді.