Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский ашық хат жариялап, Ресей президенті Владимир Путинді қақтығысты аяқтауға шақырды.
Өз хатында Зеленский қақтығысты тоқтату үшін нақты кездесу күнін белгілеуді ұсынды. Ол қазіргі уақытта АҚШ-тың назары Ирандағы соғысқа ауып отырғанын, сондықтан оны күтіп отырудың дұрыс емес екенін, соғысты екіжақты форматта аяқтау қажет екенін атап өтті.
"Таңдау өзіңізде. Соғысты тоқтататын уақыт келді. Украина бұл соғысты аяқтауды ұсынады. Оны әділ әрі лайықты түрде аяқтап, болашақта қақтығыс қайта өршімеу үшін сенімді кепілдіктер берілуі қажет", — деп жазды Владимир Зеленский Владимир Путинге жолдаған хатында.
Сондай-ақ ол Ресей президентіне үшінші ел аумағында кездесу өткізуді және келіссөз кезеңінде атысты толық тоқтатуды ұсынды.
Зеленский келіссөзге Еуропа мен АҚШ қатысуы қажет деп санайды.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы алаңында сөйлеген сөзінде Зеленскийдің өкілеттік мерзімі дәл екі жыл бұрын аяқталғанын айтып, Ресей құжаттарға заңды өкілдермен ғана қол қоя алатынын мәлімдеген болатын.