Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский Ресейдің Украина аумағына жасаған жауап соққысынан кейін Батыс елдеріне үндеу жасады.
"Украинаның жалғыз қалмауы маңызды. АҚШ пен Еуропа нақты шешім қабылдау қажет", - деп жазды ол Telegram каналында.
Ол кейбір баллистикалық зымырандарды атып түсіру мүмкін болмағанын, соққылардың көбі Киев қаласына жасалғанын айтты.
Ресей Қорғаныс министрлігі Украина аумағындағы әскери нысандарға жауап соққы жасалғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, соққы беру барысында "Орешник" кешені де қолданылған. Сондай-ақ әуе, теңіз және құрлық базасындағы қанатты зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылған. Министрлік барлық белгіленген нысан жойылғанын мәлімдеді.
Бұған дейін, жұмаға қараған түні Украина дрондары колледж жатақханасына соққы жасағаны хабарланған болатын. 21 адам қаза тауып, 42 адам жараланған.