Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесудегі басты мақсаттарын атады.
"Біздің негізгі басымдықтарымыз – баллистикалық зымырандардан қорғану және Америкамен стратегиялық ынтымақтастық орнату", – деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Сейсенбі күні Ақ үй Трамптың Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен, сондай-ақ Зеленскиймен кездесетінін растады. Ақ үй өкілінің айтуынша, Зеленскиймен кездесуде Ресей мен Украина арасындағы бейбіт реттеу мәселесі талқыланады.