Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Украина президенті Владимир Зеленский Америка көшбасшысы Дональд Трамппен сөйлескенін және Нью-Йоркте кездесу туралы уағдаласқандарын хабарлады. Ол бұл кездесудің көп нәрсені өзгертетінін атап өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мемлекет басшысы бұл туралы жексенбі, 20 қыркүйекте Telegram-арнасында жазды.
"Жаңа ғана президент Трамппен сөйлестік. Маңызды әңгіме болды, көптеген мәселені талқылап үлгердік. Нью-Йоркте кездесуге келістік, бұл кездесу көп нәрсені өзгертуі мүмкін. Дипломатиялық серпін бар", – деп түсіндірді ол.
Зеленский АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер Киевке келгені үшін Америка көшбасшысына алғыс айтты. Сапар барысында олар маңызды мәселелерді егжей-тегжейлі талқылап, Америка өкілдері Украинадағы жағдайды өз көздерімен көре алған. Бейбітшілік процесі - бірінші кезектегі басымдық, деп атап өтті президент.
"Деэскалация бойынша қадамдар мен қауіпсіздіктің іргелі мәселелеріне - энергетикалық, азық-түлік, сондай-ақ адам өмірін қорғауға қатысты идеялар бар. Америкалық командамен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз және шын мәнінде маңызды қадамдар жасауға дайынбыз", – деп толықтырды ол.
Әңгіме соңында Зеленский Линдси Грэм заңына қол қойғаны үшін Трампқа тағы да алғыс білдірді.
Еске салайық, өткен аптада АҚШ президенті Ресейге қарсы "қатаң санкциялар" туралы заңға қол қойған болатын. Марқұм республикашыл-сенатор Линдси Грэмнің құрметіне аталған құжат РФ-ға, сондай-ақ оның энергия ресурстарын ірі сатып алушыларға қарсы санкциялар мен баж салығын қарастырады.
Бірнеше редакциядан кейін билльге Иранға қатысты блок енгізілді. Онда Тегеранға қарсы санкциялар туралы заңның мерзімін 2031 жылға дейін ұзарту ұсынылған. Бұл бастамаға Трамп қолдау көрсеткен.
Айта кетейік, Нью-Йоркте 22-28 қыркүйек аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясы өтеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу