Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Украина президенті Владимир Зеленский X әлеуметтік желісінде Украина Ресей Қарулы күштерінің соққыларынан толық қорғана алмай отырғанын мәлімдеді.
"Өкінішке қарай, әуе қорғанысы жүйелеріміздің қазіргі деңгейі зымырандардың едәуір бөлігін тосып алуға мүмкіндік бермейді", – деп жазды ол.
Бұған дейін Зеленский Америка президенті Дональд Трамп пен АҚШ Конгресіне хат жолдап, Украина Қарулы күштерінде оқ-дәрі тапшылығының күшеюіне байланысты әуе қорғанысы кешендері мен оларға арналған зымырандарды жеткізу көлемін арттыруды сұраған болатын.
The New York Times басылымының жазуынша, Украина алғысы келетін әуе қорғанысы жүйелеріне арналған зымыран қоры Таяу Шығыстағы әскери қимылдарға байланысты азайып қалған.
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысының алғашқы тәулігінде 800 дана Patriot зымыраны пайдаланылған. Украина президентінің айтуынша, Киевте мұндай көлемдегі зымыран қоры 2022 жылдан бері болған емес.