Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Украина президенті Владимир Зеленскийдің ұшағы Молдовадан Норвегияға ұшу кезінде дрон қаупіне тап болды. Осы оқиғаға байланысты ұшақтың жөнелтілуі кешіктірілді. Бұл туралы Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стере мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.
Норвегия премьерінің айтуынша, Зеленскийдің ұшағы Молдовадан ұшуы керек кезде дронмен соқтығыса жаздаған.
"Оның ұшағы Молдовадан көтерілуі тиіс кезде дронмен соқтығыса жаздады. Бұл - ол өмір сүріп жатқан қазіргі ахуал", - деп мәлімдеді Стере NRK эфирінде.
Кейінірек Норвегия премьер-министрінің кеңсесі оның сөзін нақтылады. Онда Молдованың әуе кеңістігінде дрон қаупі туындап, соның салдарынан Зеленскийдің ұшағы Ослоға барар жолда кідіргені хабарланды.
Бұл ретте ұшқышсыз аппараттардың Украина президентінің ұшағына қаншалықты жақын болғаны белгісіз. Сондай-ақ бұл жағдайдың кездейсоқ болғаны немесе әдейі жасалған әрекет екені туралы да ақпарат айтылмады.
Ұшақ Кишиневтен ұшуды күткенЗеленский 8 қыркүйек күні кешке Норвегия королі Харальд V-мен қоштасу рәсіміне қатысу үшін Ослоға келді. Одан кейін ол Йонас Гар Стеремен кездесті.
Украинаның жоғары лауазымды шенеунігі DW басылымына президенттің ұшағы Кишиневтен ұшуды күтіп тұрған кезде, Молдованың әуе кеңістігіне ұшқышсыз аппарат кіргенін хабарлады.
Соның салдарынан Зеленскийдің ұшуы кейінге шегеріліп, басқа да рейстер тоқтатылды.
Молдовада құлаған дрон табылды9 қыркүйекте Молдова полициясы Рышкан ауданында құлаған ұшқышсыз аппараттың табылғанын хабарлады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аппарат құлаған кезде жарылып, үлкен шұңқыр пайда болған. Ішінен металл шарлар түріндегі зақымдаушы элементтер табылды.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу