Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Дизайнер-реставратор, Суретшілер одағының мүшесі Айжан Әбдубаит отыз жылдан астам көне мұраларды жаңғыртып, алтын жіппен кестелеп тігу өнерін зерттеп, жәдігерлерді қалпына келтірумен айналысып келеді.
Кәсібін шағын шеберханада бастаған ол «Зерлеу» авторлық үйінің негізін қалаған. Халқымыздың қолданбалы өнерін шартарапқа таныта жүріп, жәдігерлерді қалпына келтіру ісін жолға қойған дизайнердің топтамасындағы алтынмен апталып, күміспен көмкерілген ұлттық нақыштағы киімдер сәнімен ғана емес, орындалу техникасымен де назар аудартады.
Мата бетіне жарасымды қона кеткен кестелер мен күрделі ою-өрнек көрген жанды ерекше әсерге бөлеп қана қоймай, әр бұйымның тарихына тереңдеуге мәжбүрлейді. Әсіресе хандар, билер мен сұлтандар, ханшайымдар зерлі киімдерінің заманауи үлгілері ұмыт бола бастаған ұлттық өнерді айшықтайды. Бүгінде шебер қалпына келтірген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі қабірді жабатын кілем мен Жәңгір ханның әскери киімі, Жәңгір ханның жары Фатима ханшаның бірінші Николайдың таққа отыру рәсіміне киген көйлегі мен камзолы музейлерде салтанат құрып тұр.
– Еліміз тәуелсіздік алған жылдары бұл бірегей өнер жойылып кетудің алдында еді. Қаншама құпия-сыры ұмытылып, дәстүрдің өзі көмескілене бастағаны белгілі. Сала жанашырлары мен ғалым зерттеушілердің ізденісі нәтижесінде құпия қалған талай деректер ғылыми айналымға еніп, жәдігерлерді жаңғырту ісі басталды. Ағаш өңдеу, зергерлік іс, тоқыма, киіз басу мен кілем тоқу сияқты қолданбалы өнер жанданды. Зерттей келе кесте өнерінің өзі де айқас тігістен бастап тегіс кестеге дейін сан алуан бағытты қамтитынын анықтадық. Әсіресе жойылып кетуге шақ қалған элиталық өнер – зерлеудің сыры ерекше екен. Кеңес билігі тұсында тұрмыстық бұйымдарды алтынмен зерлеу өткеннің қалдығы деп қабылданды. Сұраныстың жоқтығынан зерлеп тігу өнері XIX ғасырдың басынан бергі аралықта назардан тыс қалды. Қазіргі кезде сәндік-қолданбалы өнердің көне үлгілері заман сұранысына ие болып, трендке айналды. Ал зерлеп тігу әдісі кеңінен қолданыс таба бастады, – дейді шебер.
Шебердің топтамасындағы сән-салтанатқа киетін ұлттық киім ғана емес, күнделікті өмірдің сәніне арналған алтын зерлі бұйымдар ерекше көз тартады.
АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар
Астанада 4 және 5 сәуір күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Кеше
Наурыз айында дәрі-дәрмектердің бағасы 25%-ға арзандады
Экономика • Кеше
Қазақстанда ауа райы 5 градусқа дейін суытады
Ауа райы • Кеше
Ата заң • Кеше
Алматы облысында «Таза бейсенбі» акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Астанада жүк көліктеріне бақылау күшейтілді
Елорда • Кеше
Қазақстанда еріктілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыру ұсынылды
Қоғам • Кеше
Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Испаниядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысады
Спорт • Кеше
Әлеуметтік желідегі жасырын қауіп: Деструктивті топтардың құрығына түспеудің жолы қандай?
Қоғам • Кеше
Нысана көздеуден Әлем кубогі: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Спорт • Кеше
Алматыда самокат мінгендерге бақылау күшейді
Заң • Кеше
Астанада мұғалім оқушыны ұрып жіберген: Білім басқармасы жауап берді
Мектеп • Кеше
Ақылы жолдарда жүргізушілердің ұйықтап кетуінің алдын алу үшін лазерлер қойылады
Инфрақұрылым • Кеше
Жасқа емес, еңбек өтіліне қарау керек: Зейнетке шығу тәртібін өзгерту ұсынылды
Қоғам • Кеше
SCAT әуе паркі екі жаңа ұшақпен толықты: Қай қалаларға ұшу жиілігі артады?
Қоғам • Кеше