Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжіліс кулуарында комик Нұрлан Сабыровтың айналасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.
«Біз шетелдік органдардың шешіміне түсініктеме бере алмаймыз. Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мәліметтер зерттеуді, зерделеуді талап етеді. Ал 170-бапқа келетін болсақ, бұл көбіне ҰҚК-нің құзыретіне жатады», — деді Ғалымжан Қойгелдиев.
Журналистер бұл Нұрлан Сабыровтың ісімен ҰҚК айналысады дегенді білдіре ме деп нақтылап сұрады.
«Менің айтқым келгені, БАҚ-та 170-бап — жалдамалылық туралы айтылды», — деп түсіндірді ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық комик Нұрлан Сабыровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны белгілі болған еді. Оның Дубайдан ұшып келген кезінде Мәскеудің Внуково әуежайында ұсталғаны хабарланды.
Бұл жағдайға қатысты Қазақстан СІМ де түсініктеме берді. Ведомство өкілдері әртістің немесе оның заңды өкілдерінің Қазақстанның Ресейдегі елшілігіне жүгінбегенін түсіндірді.
7 ақпанда Нұрлан Сабыров Алматыға ұшып кетті.