Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Ақтөбе облысында бірнеше айдан бері Петропавловка ауылы тұрғындарының зәресін алған сілеусін іздестіріліп жатыр. Жабайы жыртқыш қорадан тауық ұрлауды әдетке айналдырған. Жаз бойы жергілікті тұрғын 40-қа жуық құсынан айырылған. Ал кеше ол сілеусіннің үстінен түскен, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі.
Сілеусін маусымнан бастап қораға жиі кіріп, үй құстарына шабуыл жасап келген. Ал жақында жергілікті тұрғын ұрыны қылмыс үстінде ұстап алып, телефон камерасына түсіріп үлгерген.
"Басында маған мысық сияқты көрінді. Ішімнен мынау не деген дәу, әрі еш қымсынбастан жеп отыр деп ойладым. Ол бұрылғанда барып сілеусін екенін білдім. Содан кейін қонақтайтын жерге секіріп шықты. Кеше ғана бес тауықты өлтіріп кетіпті. Ал жаз бойы 40 шақтысын алды. Біртіндеп ұрлап жүрді", - дейді Петропавловка ауылының тұрғыны Николай Поддубный.
Ауыл тұрғынының айтуынша, сілеусін қораға апта сайын келіп тұрған. Бірнеше шабуылдан кейін қожайын қораны құлыптай бастаған, бірақ кеше кешке абайсызда есікті ашық қалдырыпты.
"Бұл жас сілеусін. Осы жерде қанша тұрсам да, бұрын-соңды оларды кездестірмеген едім. Ол бір үңгірде мекендеуі мүмкін деп жатыр. Ауылдан жиырма шақырымдай жерде үңгірлер бар немесе біреуден қашып кеткен болар. Бірақ ұстай алмадық", - деді ауыл тұрғыны.
Қарғалы ауданының әкімдігі жануар көрші Ресей жақтан пана іздеп келген болуы мүмкін деп болжайды. Оның бір себебі ретінде орман кесу жұмыстары аталады. Қазір жыртқыш қайда екенін және жергілікті тұрғындарға қауіп төндіре ме, жоқ па анықтау қажет.
Қазақстанда сирек көрінетін жыртқыш видеоға түсіп қалды
Бұған дейін Марқакөл қорығында фототұзаққа құну түсіп қалғаны туралы жазған едік. Сәуірде түсірілген кадрларды қорық қызметкерлері жариялады. Мамандардың айтуынша, құну кішкентай болғанына қарамастан, өте күшті әрі төзімді келеді. Бұл жыртқыш көбіне тасада жүріп, адам көзіне сирек түседі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу