Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан екі қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Хромтауда ұсталдыХромтауда жергілікті қылмыстық орта өкілдері қорқыту мен күш қолдану арқылы кеншілерден ақша бопсалаған. Бірақ қаскөйлерден қорыққан жәбірленушілер құқық қорғау органдарына жүгінбеген.
Жедел қызметкерлер күдіктілердің бәрін анықтап, бұлтартпас дәлелдер жинап, барлық қатысушыны бір мезгілде ұстады. 20 санкцияланған тінту шарасы барысында ақша мен өзге де айғақ заттар тәркіленді.
Ақтөбеде бопсалауАқтөбеде де ойын-сауық орындарына көз тіккен бопсалаушылар тобы анықталды. Қылмыскерлер күзет қызметіне қысым көрсетіп, заңсыз "қорғауын" күштеп таңған. Қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың өзге де ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Екі факт бойынша да бопсалау деректерімен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар заңсыз ұстау және бас бостандығынан айыру деректері бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
Следите за нашими новостями в Google News
Подписаться