Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында Бұқтырма су қоймасында екі адам мінген катер қайраңға тұрып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға Қаздар аралы маңында болған. Ер адамдар жағаға өздігінен жете алмай, құтқарушылардан көмек сұраған.
ТЖМ қызметкерлері катерді қайраңнан шығарып, екі демалушыны жағаға жеткізді. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ тұрғындарды суға шыққанда қауіпсіздік ережелерін сақтап, ауа райы мен су түбінің ерекшеліктерін ескеруге шақырады.