Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Фото: Sports.kz
Кишиневте (Молдова) өтіп жатқан Еуролиганың А дивизионы аясындағы кездесудің бірінші кезеңінде есеп ашылмады. Екінші кезеңде бельгиялықтар гол салғанымен, Шотанов таразы басын теңестірді. Ал үшінші кезеңде Бельгия құрамасы екі рет алға шықты. Алайда Дмитрий Демешко екі мәрте мергендік танытып, матчтың аяқталуына санаулы секунд қалғанда есепті 3:3-ке жеткізді.
Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Қазақстан сапынан Деринг, Демешко және Ершин өз мүмкіндіктерін мүлт жібермесе, бельгиялықтар үш соққының екеуін голға айналдыра алмады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы пенальти сериясында 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудің басты қаһарманы хет-трик авторы Дмитрий Демешко болды. Қазақстан құрамасының тағы бір голын Шотанов соқты.
Бұл жеңіс ұлттық құрама үшін Еуролиганың А дивизионындағы маңызды нәтижелердің бірі болды.
Теннистен әлем чемпионатының финалдық кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды?