Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Бұл жарыс Қазақстан командасы үшін бағдарламадағы соңғы сын болды. Құрамында Диана Ержанова, Рамазан Әйнегов, Алуа Нұрмұхамет және Дарын Қонысбаев бар команда ел намысын қорғады.
Бірінші кезеңде Диана Ержанова 16 минут 44 секунд уақыт көрсетіп, эстафетаны төртінші орында тапсырды. Екінші кезеңде Рамазан Әйнегов осы орынды сақтап қалды, оның уақыты 15 минут 5 секунд болды. Үшінші кезеңде Алуа Нұрмұхамет 17 минут 31 секундтай уақыт жұмсап, команданы бесінші орында қалдырды. Қорытынды кезеңде Дарын Қонысбаев 14 минут 51 секунд нәтиже көрсетіп, команданы қайтадан төртінші орынға шығарды.
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 1 сағат 5 минут 16 секунд көрсеткішпен жарысты төртінші орында аяқтады. Алтын медальді Қытай командасы жеңіп алды – 1 сағат 1 минут 44 секунд. Күміс жүлде Гонконг құрамасына бұйырып, олардың уақыты 1 сағат 2 минут 35 секунд болды. Үшінші орын Жапония командасына тиесілі, олардың нәтижесі 1 сағат 3 минут 54 секундты құрады.
Еске сала кетейік, бұған дейін жағажайдағы Азия ойындарында Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс жүлде алғанын жазғанбыз.