Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
22 сәуір: Алғашқы ойын және ашылу салтанаты
Жарыстың шымылдығы Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы мен Таиланд құрамасы арасындағы ойынмен ашылды. Қос команда арасындағы ойын 06:30-да басталды.
Айта кетейік, бұл кездесуде отандастарымыздың мерейі үстем болды.
Енді кешкі сағат 17:00-де жағажайдағы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
23 сәуір: Алғашқы жүлделер сарапқа салынады
Бұл күні бірден бірнеше спорт түрінен финалдық кездесулер өтеді.
Акватлоннан ерлер (05:00) және әйелдер (06:30) арасында жүлделер сарапқа салынады. Қазақстан сапынан Дарын Қонысбаев, Александр Тен, Рамазан Әйнегов, Аида Ким, Диана Ержанова және Алуа Нұрмұхамет жарыс жолына шығады.
Джиу-джитсудан іріктеу және финалдық кезеңдер өтеді (06:00, 11:30). Бұл сында Жібек Құлымбетова, Ажар Салықова, Мансұр Хабибулла және Батыр Теңізбай ел намысын қорғайды.
Сонымен қатар жағажай волейболы (06:00), желкенді спорт (08:00) және су добынан Қазақстан – Гонконг кездесуі (13:15) жоспарланған.
24 сәуір: Джиу-джитсу және топтық кезеңнің жалғасы
Ерлер арасындағы джиу-джитсу жарыстары (06:00, 11:30) өтеді. Қатысушылар қатарында Нұржан Батырбеков, Әлинұр Қуатұлы, Сейілхан Болатбек және Адлан Мадаев бар.
Жағажай волейболы мен желкенді спорттағы жарыстар жалғасады.
Су добы бойынша әйелдер құрамасы соңғы топтық ойынын Қытайға қарсы өткізеді (14:00).
25 сәуір: Командалық сайыстар күні
Акватлоннан аралас эстафета (05:00) өтеді.
Ашық суда жүзуден әйелдер арасында 5 шақырымдық финалда Мария Федотова мен Дарья Пушко бақ сынайды (06:00).
3×3 баскетболдан Қазақстан құрамасы Қытай, Үндістан және Қатар командаларымен кездеседі (08:00, 14:35, 15:50).
Су добынан ерлер құрамасы Таиландпен ойнайды (12:15).
26 сәуір: Ашық су және су добы
Ерлер арасында 5 шақырымға ашық суда жүзу финалы өтеді (06:00). Қазақстан атынан Лев Черепанов пен Ғалымжан Балабек қатысады.
Су добы бойынша ерлер құрамасы Гонконгпен кездеседі (13:30).
27 сәуір: Ширек финалдар кезеңі
Аралас эстафета (ашық суда жүзу) – 06:00.
Жағажай волейболынан ширек финалдар басталады (06:00).
3×3 баскетболда Қазақстан Қатар және Бахрейн құрамаларымен кездеседі (08:00, 10:30).
Су добы бойынша Қазақстан – Иран матчы өтеді (13:30).
28 сәуір: Шешуші кезеңдерге жол
Жағажай волейболынан жартылай финалдар (06:00).
Жағажай күресі (07:00) мен спорттық құзға өрмелеу жарыстары (07:45 бастап) басталады.
3×3 баскетбол, желкенді спорт және су добы бойынша (Қазақстан – Қытай, 15:00) кездесулер өтеді.
29 сәуір: Жүлделер сарапқа салынады
Жағажай волейболынан алтын және қола жүлде үшін матчтар (06:00).
Спорттық құзға өрмелеуден эстафета (07:00, 17:00).
Жағажай күресі (07:00) мен 3×3 баскетболдан шешуші ойындар (11:00) өтеді.
Су добы бойынша Қазақстан – Оңтүстік Корея кездесуі жоспарланған (13:15).
30 сәуір: Жабылу салтанаты
Жағажайдағы Азия ойындарының ресми жабылу рәсімі өтеді.
Айта кетейік, ұйымдастырушылар жарыс кестесіне өзгерістер енгізуі мүмкін. Қазақстан құрамасы үшін негізгі медаль үміті акватлон, джиу-джитсу, жағажай күресі және
3×3 баскетбол сынды спорт түрлерімен байланысты болып отыр.