Жағдайы жаға ұстатарлық: Қостанайдағы жекеменшік лагерьден шу шықты

02.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 2 шілде - Sputnik. Қостанайдағы "Светафор" балалар сауықтыру лагерінен шу шықты. Облыстық білім басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Сауықтыру лагерінің жаға ұстатарлық жағдайы туралы бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Онда балалардың жатын орны мен әжетхана түсірілген. Бейнежазбаға қарап лагерьдің талапқа сай емес екенін көруге болады. Қостанай облыстық білім басқармасы балаларға арналған бұл сауықтыру орны жекеменшік дейді.

""Светафор" балалар сауықтыру лагері жеке ұйым. Биыл лагерьді "Рашит" жеке кәсіпкерлігі жалға алған. Жалпы лагерь 2025 жылдан бастап жұмыс істейді", - дейді басқарма.

Ведомствоның мәліметінше, жазғы маусымға дайындық кезінде білім басқармасының мониторингтік тобы 20 мамыр, 12 және 14 маусымда лагерьге барып, басшылыққа кемшіліктерді жою туралы ескертулер жасапты. Оның ішінде ванна бөлмелері, асхана, жатын бөлмелерінің жұмысы мен жай-күйін дұрыстау туралы талаптар қойлылған.
"Ата-аналардың өтініштері бойынша, білім басқармасы 16,17 және 24 маусымда балаларды үйлеріне қайтарған. 17 маусымда басқарма "Светафор" саяжай лагерінің директорының атына анықталған бұзушылықтарды жою бойынша кешенді шаралар қабылдау туралы ресми хат жолдады", - дейді Қостанай облысының білім басқармасы.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью