Жаһандық рейтингте елеулі орындамыз

24.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстан ғылыми белсенділік бойынша «SCImago» жаһандық рейтингінде Орталық Азия елдері арасында көшбасшысы атанды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәлімдеуінше, Қазақстан «SCImago Research Group» (SCImago Country Rank) халықаралық ғылыми белсенділік рейтингінде Орталық Азия елдері арасында бірінші орынды иеленіп, ғылым саласындағы жетекші позициясын тағы бір мәрте дәлелдеді. Бақылаудың барлық кезеңі бойынша (1996–2024 жылдар) жинақталған деректерге сәйкес республика әлемдік рейтингінде 69-орынға орналасып, өңірдегі өзге мемлекеттерден айтарлықтай озық тұр. Ал 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 64-орынға көтеріліп, ұлттық ғылымның тұрақты дамуы мен жарияланымдық бел­сенділіктің артқанын көрсетті.

Қазақстанның «SCImago» рейтингіндегі көшбасшылығы жүйелі әрі прецеденттік сипатқа ие. Орталық Азия елдерімен арадағы алшақтық ондаған, тіпті жүзден астам орынды құрайды: Өзбекстан – 83-орында, Қырғызстан – 130-орында, Тәжікстан – 147-орында, Түрікменстан 191-орында тұр. Бұл көрсеткіштер ғылымды қаржыландыру деңгейіндегі, зерттеу инфрақұрылымының дамуындағы, кадрлық әлеуеттегі, халықаралық ғылыми ықпалдастық дәрежесіндегі және ғылыми жария­ланымдар сапасындағы айыр­машылықтарды айқын көрсетеді.

«Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңын іске асыру аясында өңірлік инновациялық жүйелерді дамытуға, академиялық және зерттеушілік артықшылық орталықтарын қалыптастыруға, бизнестің қатысуымен ғылы­ми зерттеулерді бірлесіп қаржы­ландыру тетіктерін енгізуге, сондай-ақ жас ғалымдарды жүйелі түрде қолдауға басымдық беріледі. Сонымен қатар отандық ғылыми ұйымдардың «Horizon Europe» секілді халықаралық бағдарламаларға қатысуын кеңей­ту маңызды бағыттардың бірі болып қала бермек, бұл отандық ғылымның жаһандық зерттеу кеңістігіне ықпалдасуына мүм­кіндік береді.

«SCImago Research Group» халықаралық ғылыми белсенділік рейтингі әлем елдерінің ғылы­ми және зерттеушілік әлеуетін бағалаудың ең беделді құ­ралда­рының бірі саналады. Рейтинг «Elsevier» компаниясына тиесілі «Scopus» халық­аралық библиометриялық дерек­қорының мәліметтері негізінде қалыптастырылады және университеттер, ғылыми зерттеу инс­титуттары мен орталықтардың қызметін тұтастай қамтиды. Рейтинг әдіснамасы халықаралық рецензияланатын журналдардағы ғылыми жарияланымдар санын, олардың дәйексөз алу дең­гейін, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты, зерттеулер сапасын, сондай-ақ ғылым­ның инновациялық және техно­логиялық дамуға қосқан үлесін ескереді.

Қазақстанның «SCImago» рейтингіндегі позициясының нығаюы жүргізіліп жатқан рефор­малардың тиімділігін дәлелдеп қана қоймай, елдің Орталық Азиядағы ғылыми және зияткерлік көшбасшы ретіндегі халықаралық беделін де арттырады. Білім мен технологиялар үшін жаһандық бәсекелестік жағдайында бұл нәтиже – ұлттық ғылыми жүйені одан әрі дамытуға және ел мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосатын үлесін арттыру жолындағы маңызды стратегиялық бағдар.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Қазақ сахнасындағы француз туындысы

Өнер • Бүгін, 08:10

Қысқы Олимпиада мәреге жетті

Олимпиада • Бүгін, 08:00

Көктемгі егіске дайындық пысықталды

Қоғам • Бүгін, 00:07

Ұлттық банк: Бизнес рубль мен доллардың ауытқуына тәуелділікті төмендетеді

Банк • Кеше

Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті

Ғылым • Кеше

Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр

Аймақтар • Кеше

Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды

Аймақтар • Кеше

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары

Қазақстан • Кеше

Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды

Оқиға • Кеше

40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді

Ауа райы • Кеше

Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді

Елорда • Кеше

Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды

Футбол • Кеше

Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады

Елорда • Кеше

Қазақстанның бейбітшілік бастамаларындағы жаңа рөлі: Президенттің Вашингтон сапары және «орта державалар» дипломатиясының күшеюі

Қазақстан • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью