Жаһандық жарыс: Еліміз тоғызқұмалақтан 30 медаль еншіледі

25.11.2025

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алматыдағы «Зенит» спорт орталығында биыл екінші рет ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары (U-15, U-17 – классика онлайн/офлайн, рапид, блиц) арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Оған 21 елден келген 180-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz

Фото:Turizm jane sport ministrligi

Байрақты бәсекенің жабылу салтанатына Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов, Қазақстан тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Әкім Тұрсын, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, қаланың спорт басқармасы, Тоғызқұмалақ спорты федерациясы және шетелдік делегация өкілдері қатысты.

Іс-шара қала әкімдігінің қолдауымен өтті. Чемпионатты Туризм және спорт министрлігі мен Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы бірлесе ұйымдастырды. Бұл чемпионат жас буынның интеллектуалдық әлеуетін арттырып, отандық спорттың абыройын биіктетуге зор үлес қосты.

Жаһандық жарыста отандастарымыз 12 алтын, 11 күміс, 7 қола, барлығы 30 медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью