Жаһандық желі жұмысы бұзылды

20.10.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Amazon компаниясындағы ірі техникалық ақау жаһандық желінің жұмысын бұзды. Бұл жағдай әлем бойынша ондаған қосымшаның істен шығуына әкеп соқты.

Миллиондаған тұтынушы онлайн төлем жасай алмай, интернетке қосыла алмады. Пайдаланушылар стримингтік сервистердің, ойын платформалары мен байланыс операторларының да істен шыққанын хабарлады. Десе де, нақты себебі әзірге белгісіз. Техникалық ақау екі сағаттан кейін жөнделді. Қосымшалар қазір қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью